Цифрлық сауаттылық (3-сынып) » «Общественное обсуждение учебных литератур»
«ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ»
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫ»
Қабылдау бөлімі :
+7 (7172) 76-90-36
Есепші бөлімі:
+7 708 42-06-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2024

Цифрлық сауаттылық (3-сынып)









 Басылым атауы/Название издания
 Файл
 Логин және құпиясөз


1

 Цифрлы сауаттылық -1https://experts1.e-oqulyq.kz/Kit/Details/212

2

 Цифрлы сауаттылық  -2   https://experts2.e-oqulyq.kz/Kit/Details/324

3

 Цифрлы сауаттылық -3https://oqulyqtar.expert/books/350


4

 Цифрлы сауаттылық -4https://mensarapshy.kz/
логин: pilot1_132      пароль:M3fc45

5

 Цифрлы сауаттылық -5https://file.e-uch.kz/kz/cg-3/story_html5.html


6

 Цифрлы сауаттылық -6https://experts3.e-oqulyq.kz/review/14D2FE3A-0493-4565-91FF-978154295A81/df85bed5-2263-4060-be64-1b464c62c74a/index.html

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
shaku.arman
13 Ақпан 2024 11:14
Цифрлы сауаттылық оқулықтарын қарай келе төмендегі тұжырымға келдім:

1. 1,2,6 нұсқадағы оқулықтар бір платформада жасалғаны көрініп тұр. Платформасы қолдануға ыңғайлы. Бірақ безендіру және ақпаратты беру жағынан 2 нұсқадағы оқулық жақсырақ. Алайда әлі де бейнематериалдарын толықтыру қажет.
2. 4, 5 нұсқаадғы оқулықтар ашылмайды.
3. 3-нұсқадағы оқулық ашылуы қиын, ұзақ күтесін. Интерфейсі түсініксіз, қолдануға ыңғайсыз. Төменгі сынып оқушыларына арналмаған. Смартфонмен ашқанда ішіндегі қазақша сөздердегі әріптер иероглиф болып кеткен, қазақша текстер оқылмайды.
Tolganai
13 Ақпан 2024 15:25
shaku.arman,
Қайырлы күнІ Барлық сілтемелер ашылып тұр, тағы бір кіріп көріңіз. Рахмет!
asylymaidar
13 Ақпан 2024 17:18
Сәлеметсіздер ме! Цифрлық сауаттылық оқулықтарын қарап шықтым. Өзіме 4-электронды оқулық ұнады. Барлық тақырыптың басы, аяғы жақсы қорытындыланған. Қазіргі қолданыстағы қағаз оқулықтарға қарағанда біраз өзгерістер бар екен. Оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймын.
Zauresh
13 Ақпан 2024 17:51
Электронды кітаптарға қызығып қарап шықтым. Пән мұғалімі ретінде маған ұнағаны Цифрлы сауаттылық -2 оқулығы. Шартты белгілері жақсы ойластырылып қойылған екен. Тапсырмалары қызықты, тартымды жасалған. Видеоматериалдар мен бейнероликтер тыңдалып тұр, даусы жағымды, анық. Жасап көр деген айдардағы тапсырмалар ерекше ұнады. Балалар алған білімдерін өмірде қолдануына, білім ретінде жинауына мүмкіндік жасалған. Айдарларының бәрі ойластырылып жасалған, берілген суреттері тақырыптарды ашып тұр. оқулық қазіргі заманғы ақпараттармен толықтырылған. Осы оқулықтың балаға берері мол деп ойлаймын.
raisa.bisemabeva
14 Ақпан 2024 11:50
Бастауыш сынып мұғалімі ретінде электронды оқулықтар бойынша жалпылама талдау нәтижелері:
1) Эл.оқулықтар орналасқан платформалар әртүрлі, яғни оқушының қабылдауы үшін тақырып беттері әрқалай жасалған.
Цифрлы сауаттылық 1-ші - беттері тек жасыл түстен құралған және мәтінде оқу барысында қызыл леп белгісі анимциясы кедергі келтіреді. ЭО мазмұнын бағдарламадағы ортақ тақырыппен байланыстыруды қажет етеді, себебі тек пән бойынша теориялық мәліметтердің өзін ғана емес, оларды ұлттық, адамзат құндылықтарына сай ұсыну керек. Оқулық тілін жеңілдету қажет.
Цифрлы сауаттылық 2-ші - платформа екі бағанда берілген. Дизайн үлгісі, оқушыға берілген айдарлар көңілден шығады. ЭО мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес келеді және роботтар туралы жақсы сабақтар берілген екен. Нұсқаулық фотосуреттер, бейнематериалдар 3-сынып оқушысы үшін тиімді ұсынылған. Алайда, мәтінді тағы қарап, одан әрі жетілдіруге болады. 
ЦС 3-ші - ЭО-ты ашқан сәттен қолайсыз үлкен экран ашылды, тартымдылық жоқ десе болады. Мәліметтердің берілуі дұрыс, бірақ үлкен экрандағы суреттер, схемалар сапасыз көрінеді. Ворд, Power point т.б. программалар скриншотын қазақша беру керек. Бұл программалардың ресми қазақ тіліндегі нұсқасы бар. Оқулық мазмұны бағдарламаға сәйкес, бірақ ортақ тақырыптармен үйлестіру керек. 
ЦС 4-ші - ЭО тек беті тек ақ түсте берілген. Мәтін мен суреттер т.б. элементтердің арасында шекара көрінбейді, шатастырады. Тақырып экранға толық көрінгеннен ба суреттер сапасы нашар көрініп тұр. Алайда платформаның функциясы жақсы. Тапсырмаларды түрлендіру қажет.
ЦС 5-ші - платформа мүлдем түсініксіз. Артық нәрселер көп. Мысалы, оқу бағдарламасы оқушыға не үшін керек? Параграфтерде теориялық мәтіндерді, сызбаларды көре алмадым. Нұсқаулық ұзақ әрі оқушы оны оқып отырып бас ауыртпайды. Платформаны жеіңіл, түсінікті ету керек. Мазмұнын оқу, талдау мүмкіндігі болмаған соң, талдау жасалынбады.
ЦС 6-шы - платформа ЦС 2-шіге ұқсас. Бірақ дизайн, фондары қарапайым, тек ақ түс және оғаш рамкалар берілген. Іш пыстырарлық болмауы үшін дизайнға, түстер үйлесіміне мән беру керек. Кейбір суреттер (скриншот, сызбалар, фотсуреттер) сапсы нашар (мыс, қошқар мен теке). Кейбір суреттер және ондағы кейіпкерлер ұлттық құндылықтар сәйкес емес. Шетелдік батыс оқушылар, кейіпкерлері бар. Плагиат болуы мүмкін. Қадағалап, қайта қарау керек.

Қорытынды ретінде, 2-ші оқулық жоғары орында, кейін 1-ші, 6-шы оқулықты таңдауға болады. 2-ші Цифрлы сауаттылық платформасы бүгінгі ЭО-тар секілді таныс әрі түсінікті. Ішіндегі материалдар арқылы сабақты ойдағыдай өткізуге болады және сарапшы ретінде 3-сынып оқушыларға ұсынуға болады. 
Alima
15 Ақпан 2024 11:27
shaku.arman,
3 нұсқа тез ашылып тұр. әріптері де көрініп тұр, мүмкін сіздің интернет байланысыңыздан шығар?

marifatergeshova2022
17 Ақпан 2024 18:11
Қайырлы күн! Цифрлық сауаттылық оқулықтарының ішінде маған ұнағаны 3-нұсқадағы оқулық.  Мазмұны жағынан бағдарлама толықтай қамтылған. Оқу материалын іріктеуде оқушының жас ерекшелігі ескерілген. Оқулықта оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған, өз бетінше орындауға арналған жаттығулар жоғары деңгейде таңдап алынған. Әсіресе қазіргі таңдағы оқушы тәрбиесінің негізі болып саналатын ұлттық құндылықтар көрініс тапқан.  Ортақ тақырыптарды өмірде кездесетін мысалдар арқылы көрсетілген. Оқулықтағы бейнероликтердің даусы өте жағымды әрі түсінікті.   Кітап авторларына сәттілік тілеймін!  
Aidyn Zh
17 Ақпан 2024 22:02
Берілген 6 электронды оқулықтар ішінен іліп аларлық 2-3 атауға болады. 2-цифрлық сауаттылық ЭО-ғы тартымды, әрі сауатты жазылған. Оқушы үшін жағымды түстер, безендірулер мен айдарлар қосылған. Видеолар жақсы келтірілген, тағы да қосса жақсы болар еді. Өзге эл.оқулықтар программа сай десе болады. Ұсыныс ретінде оқулық дизайнын, интерейсті 3-сынып оқушының психологиясына, қабылдауына негіздеу керек. Видеоларды тақырыпқа сай, сапалы қою керек. 
atkeevamekhri
20 Ақпан 2024 18:03
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі-оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын жасау және пайдалану.Осыған орай ұсынылған оқулықтардың ішінен 3-ші нұсқадағы оқулықты таңдар едім.Себеі оқулық оқушының жас ерекшеліктеріне сай, тапсырмалары да тартымды, әрі оқушылар үшін қызықты құрастырылған.Видеоматериалдар мен видеороликтері де оқушыларға тақырыпты терең ашуға негізделген.Пән мұғалімі ретінде 3-нұсқадағы оқулықты ұсынар едім!
Bagila
21 Ақпан 2024 10:10
Цифрлық сауаттылық-2 нағыз қазіргі заманға керек оқулық. Балаға білім беретін, баланы дамытатын оқулықтар осындай болуы керек деп ойлаймын. Алгоритм құрудан бастап, желіде жұмыс жасауға дейін қажетті білімдерді үйренуге болады. Аудиоматериалдар мен видеолар  жақсы таңдалған, баланы қызықтырады. Интерактивті тапсырмалары да  жұмыс жасауға ыңғайлы екен.
abuov.talgat
21 Ақпан 2024 12:41
Цифрлық оқулықтарын қарай келе маған ұнаған оқулық №3.
 Бұл оқулықта тақырыптар өте тамаша ашылған. Бейнебаян, программалаулар және басқалары оқушы деңйгейіне түсінікті түрде берілген. Тапсырмалары жеңіл. Бөлім бойынша тақырыптарын аша білген.Оқулық мазмұны бағдарламаға сәйкес жасалған. Оқулықтың тәрбиелік функциясы  ортақ тақырыптар арқылы сәтті ашылған. Скретч программасыдағы спрайттарды қолданбай, арнайы қазақи спрайттар жасалғаны өте орынды болған. Маған әсіресе ұнағаны 12 такырыптағы баласын музейге жетектеген әке жайлы жоба болды. Отбасы тәрбиесі күшті ашылып тұр! Маған осы 3 номерлі оқулық қатты ұнады!
Меніңде осындай балам бар. Ойланып қалдым мен баламды ешқашан музейге апармаппын деп.
Енді апарам деп отырмын.

Ainagul
23 Ақпан 2024 20:41
Барлық окулықтарды қарадым. Маған ұнаған 4  вариант. Барлық тапсырмалар қызықты, әрі  түсінікті. Оқушыларға да, мұғалімдерге де, ата-аналарға да ұнайды деп ойлаймын
laila
25 Ақпан 2024 21:13
Қайырлы кеш! Цифрлық сауаттылық оқулықтарын біршама қарап шықтым. Ең ішінде ұнағаны №3 оқулық. Жүйелі жазылған, барлығы түсінікті. Қолжетімді ең бастысы. Тапсырмалар да жеңіл, әрі түсінікті етіп жеткізілген, мазмұны оқу бағдарламасына сай. оқулықтағы тақырыптарда суреттер скриптілер қазақ тілде, әсіресе отбасы тәрбиесі кеңінен қамтылған. 
yernar
25 Ақпан 2024 22:30
Кеш жарық әріптестер! Мен Цифрлық сауаттылық оқулықтарын толық қарап шықтым. Әр оқулықтың өз ерекшелігі және айырмашылығы бар екен. Өзімнің жеке көзқарасым бойынша тізімдегі маған ұнағаны 3-нұсқадағы оқулық болды.  Мұғалімге ең керегі оқулықтағы оқушыларға берілетін шығармашылыққа баулитын тапсырмалар мен ортақ тақырыпқа және функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар болып табылады. Сондыөтан да осы №3 - нұсқадағы оқулықтан мен күткен тапсырмаларды көре алдым. Бір ұнағаны ортақ тақырыптар әрбір тақырыптың тапсырмаларынан көруге болады. Біз кейде осы ортақ тақырыпты аша алмай қалатын кезіміз болады, бұны жасыру мүмкін емес. Сол үшінде мен осы оқулықтың тапсырмаларынан өзіме керегін тапқандай болдым. Қазіргі заманның альфа ұрпағына ең өтімдісі берілген тапсырмалардың функционалдық сауаттылыққа бағытталып берілгені. Тапсырмалар мен сұрақтарының мазмұны тікелей осы функционалдық сауаттылыққа бағытталып берілген. Жалпы ҚР - да оқулықтардың сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Оқулықта берілген қазақи құндылықтарды көріп ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында өте ұтымды етіп берілген екен. Менің ойымша оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоғары деңгейде жазылған оқулық деп осы 3-нұсқадағы оқулық деп айта аламын.


mmaral
25 Ақпан 2024 23:09
Сәлеметсіздер ме! Ұсынылған электронды оқулықтарды қарап шықтым. Бір-бірімен салыстырып, өзіме қолайлы, түсінікті оқулық туралы өз ойымды айтқым келеді. Себебі бұл оқулықтарды қолданатып сіз бен біз. Бұл оқулықтарды салыстырып қарасам, барлық оқулықтардан олқылықтарды көруге болады, бірақ ішіндегі іліп аларлық қолдануға өз деңгейінде ұсынылғаны 3-ші тұрған нұсқаулық деп шештім. Себебі әрбір тақырыпқа берілген видеоматериалдар жағымды дыбысталған және түсінікті айтылған. Суреттеріде көзге тартымды түстермен және бейнелермен берілген екен. Сонымен қатар ерекше айта кететін жері тізімдегі 3-ші тұрған оқулықтың суреттері баланың жас ерекшелігіне және заман талабына сай етіп берілген. Оқушылардың бастауыш сынып екенін ұмытпауымыз керек. Бала болған соң жас ерекшелігіне қарай оқулықтағы тек мәтінтің мазмұны ғана емес берілген суреттерде оқушы үшін маңызды. Себебі бастауыш сынып оқушылары бірінші суретке, видеоға назар салады. Осы тұрғыда маған қатты ұнаған оқулықта бейнеленген суреттер негізгі тақырыппен ортақ тақырыпқа жақсы үйлесімдімді етіп ұсыныпты. Тапсырмалары да қызықты логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Құрметті әріптестер, бұл менің азаматтық пікірім. Алдағы уақытта оқулықты қолданушылардың бірі сіздермен қатыр менде болатынымды ескеріп, уақытымды бөліп дұрыс таңдау жасауға өз үлесімді қосу мақсатында пікірімді қалдырдым. Сіздергеде дұрыс таңдау жасау үшін уақыт бөліп барлық оқулықты қарап шығуға кеңес беремін.
Tolganai
26 Ақпан 2024 12:00
shaku.arman,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

 Қайырлы күн, пікіріңізге рахмет!

- 1 және 6 нұсқадағы оқулықтар безендіру, ақпарат беру жағынан және 2 нұсқадағы оқулықты бейнематериалдар жағынан әлі де толықтыру қажет деп пікір білдірген екенсіз. Нақтырақ жаза кетсеңіз.
 
 - 3 нұсқадағы оқулықтың дұрыс ашылмауы,  сіздің интернетіңіздің баяу жұмыс жасауынан болуы мүмкін. Компьютермен қайта ашып көруіңізді сұраймыз. Сонымен қатар, 3 нұсқадағы оқулық төменгі сынып оқушыларына арналмаған деп пікір қалдырған екенсіз. Оқулықта берілген тапсырмалар қиын немесе түсініксіз берілген бе?  Осыны нақтырақ жазып жіберсеңіз. Рахмет!

asylymaidar,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

Қайырлы күн, пікіріңізге көп рахмет! 4 нұсқада қағаз оқулықтарға қарағанда біраз өзгерістер бар деп пікір қалдырған екенсіз. Нақты қандай өзгерістер көңіліңізден шықты? Толықтыра жаза кетсеңіз, рахмет!

Aidyn Zh,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

Қайырлы күн, пікіріңізге рахмет! Ескертулерді нақты жазып берсеңіз. Электронды оқулықтың мазмұнындағы дизайны мен интерфейске қатысты оқушылардың психологиясы мен қабылдауына сәйкес келмейтін нақты тақырыптар мен тапсырмаларды көрсетсеңіз. Рахмет!

raisa.bisemabeva,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы.

Қайырлы күн!  

Қорытынды ретінде, 2-ші нұсқадағы оқулыққа жоғары баға берген екенсіз. Алайда, мәтінді тағы бір қарап шығуға ұсыныс тастадыңыз. Нақты қай тақырыпта қай мәтінді жетілдірген дұрыс деп санайсыз. Пікіріңізге көп рахмет!
Lazzat85
27 Ақпан 2024 13:00
Сәлеметсіздер ме! Цифрлық сауаттылық оқулықтарын қарап шықтым. Пән мұғалімі ретінде маған ұнағаны 3 нұсқадағы оқулық. Оқу материалын іріктеуде оқушы жас ерекшелігі ескерілген. Оқу материалындағы суреттер, бейнероликтер, сәйкестендіру, қолдану тапсырмалары  оқушы үшін түсінуге ыңғайлы. Материалдар оқушының ізденісіне қарай бағытталып құрылған. Топпен, жұппен орындалатын жұмыстар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар, терең ойлауға арналған тапсырмалар берілген.  Оқулық соңында қысқаша түсіндірме сөздігі берілген. Ол оқушы үшін түсінбеген сөздерді қарап шығуға мүмкіндіктері бар. Ал ол өз тиімділігін көрсетуде.Оқулықтағы шартты белгілерді назарға ала отырып, оқушы қай бағытта жұмыс жасайтынын біледі. Берілген суреттерге  байланысты оқушыларға түрткі сұрақтар арқылы өз ойын өрбітуге де көңіл бөлінген.    
shaku.arman
27 Ақпан 2024 13:34
Tolganai,
Оқулықтардың ішінен 2-нұсқадағы оқулықты таңдаған болатынмын. Оқулықты безендіру және ақпараттарды беру жағынан жақсырақ болды. Алай да бейнеметериалдарды толықтыруды ұсыныс жасадым. 
Ал 3-нұсқадағы оқулықты ашу барысында, интернетімнің нашарлығына байлансыты ма, ашылуы ұзағырақ болды. Алайда осы интернет жылдамдығымен басқа оқулықтарды ашқанда, мұндай қиыншылыққа тап болмадым. Жалпы осы 3-ші оқулықты смартфон мен планшетте  қолданғанда ыңғайсыздау екенін айтқан болатынмын. Платформа смартфон экранына бейімделмей, тек кішірейтіліп беріледі. Мәтіндерді оқу үшін тек экранды үлкейтіп, оны жылжыта отырып оқисың. Сонымен қатар экранды үлкейту әдеттегідей емес, батырманың көмегімен ғана жұмыс жасайды. Оқулық ішіндегі суреттер үлкен экранға шықпайды. Оны жалпы экранды үлкейту арқылы көре аласың. Осы секілді әрекеттер оқулықты қолдануда қиындық тудыртады. iOS құрылғысымен ашып, тексеріп көрулеріңізді сұраймын. Мәтін ішіндегі кейбір әріптер ұшып кеткен, басқаша болып көрініп тұр. Кейбір жерлерін оқуға кедергі келтіріп тұр.
aigera_n
27 Ақпан 2024 19:02
Цифрлық сауаттылық пәні бойынша ұсынылған 3 сынып электронды оқулықтарын қарап талдай отырып 3-ші тұрған оқулықты таңдауға ұсыныс жасаймын. Оқылық мазмұны мен құрылымдық жағынан оқушылардың логикалық қабілетін дамытуға, зияткерлік және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалармен қамтылған. Түсінікті және жеңіл тілде берілген. Құндылықтарға бағытталған оқу көрініс табады. Тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай беріліп, әр тақырып соңындағы бекіту тапсырмалары баланың жас ерекшелігіне қарай өмірмен байланыс таба отырып жасалған. Дизайны мен иллюстрациялық безендіру өте жағымды, бір сөзбен айтқанда жұмыс жасауға ыңғайлы. Осы оқулықпен баланың цифрлы ғылымды игеруге қызығушылығы артып, мұғалімнің жұмысы жеңілдері сөзсіз.
Alima
28 Ақпан 2024 11:33
shaku.arman,
Қайырлы күн! Сіздің пікіріңіз бойынша айтайын деп едім, 3 нұсқадағы оқулық IOS та тез ашылып тұр, және барлық функциялары жұмыс істеп тұр. Платформада иә батырма арқылы үлкейтіп кішірейтуге болады екен, бұл керісінше ыңғайлы сияқты оқушыларға
Bagila
28 Ақпан 2024 15:42