Еңбекке баулу (3-cынып) » «Общественное обсуждение учебных литератур»
«ОҚУ ӘДЕБИЕТТЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ»
«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫН САРАПТАУ ОРТАЛЫҒЫ»
Қабылдау бөлімі :
+7 (7172) 76-90-36
Есепші бөлімі:
+7 708 42-06-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2024

Еңбекке баулу (3-cынып)





 Басылым атауы/Название издания
 Файл


1

 ЕҢБЕККЕ БАУЛУ -1kr0125-enbekke-baulu-3-kl.pdf [47,06 Mb] (cкачиваний: 202)
Посмотреть онлайн файл: kr0125-enbekke-baulu-3-kl.pdf

2

 ЕҢБЕККЕ БАУЛУ  -2
 nr0142-enbekke-baulu_okulyk_3-kl_kaz_jekspertiza-02_an.pdf [18,57 Mb] (cкачиваний: 178)
Посмотреть онлайн файл: nr0142-enbekke-baulu_okulyk_3-kl_kaz_jekspertiza-02_an.pdf

3

 ЕҢБЕККЕ БАУЛУ -3mr0102-ebekke-baulu_.pdf [23,71 Mb] (cкачиваний: 261)
Посмотреть онлайн файл: mr0102-ebekke-baulu_.pdf

4

 ЕҢБЕККЕ БАУЛУ -4or-0066-ebekke-baulu-3-synyp-1.pdf [10,73 Mb] (cкачиваний: 100)
Посмотреть онлайн файл: or-0066-ebekke-baulu-3-synyp-1.pdf

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
aika80
13 Ақпан 2024 12:08
Оқулықтардың бәрін қарап шықтым. 1-нұсқаның суреттері ескі көрінді. Сонымен қатар суреттері өте көп болғандықтан, балаларға берер ақпараты аз.  4-нұсқа мен 2-нұсқада әр бөлімге кіріспе, қорытынды жасағандары ұнады. Бірақ 4-нұсқаның басқа нұсқалардағыдай қауіпсіздік ережесін қайталай бермей, тек шартты белгімен бергені тиімді көрінді. 3-нұсқада көркемдік жағынан нашар, жалаң көрініп тұр. 3-сынып болғаннан кейін көркемдік жағына да жақсы көңіл бөлу керек сияқты.   
K. Aijan
14 Ақпан 2024 11:39
Осы төрт оқулықтың ішінен «Еңбекке баулы-4» оқулығы ұнады. Оқулық құрастыру стилі ерекше, заман талабына сай жасалған. QR код арқылы бейнематериал көруге болады, тапсырмаларда берілген. Суреттері әдемі, шынайы түпнұсқада берілген. Оқулықтың мәтіні түсінікті әрі жеңіл оқылады. 
raisa.bisemabeva
14 Ақпан 2024 12:17
3-сынып оқушыларына арналған оқулықтар қаралды. 1,2-ші оқулықтар көркемделуі мен мазмұны қанағаттанарлық. 2-ші оқулық кейіпкерлері, мәтін ұтымды берілген. 3-оқулық өте қарапайым, тек ақ түсте безендірілген. Бастауыш сыныпоқушысы үшін тартымды, қызықты ету керек. Мазмұны түсінікті, суреттер сапалы берілген.
Қорыта келе, мұғалім ретінде 4-ші Еңбекке баулу оқулығы ұнады. Оқулық мазмұны толық және жеңіл берілген. Алан мен балапан кейіпкерлерін оқушылар алдыңғы сыныптардан білетіндіктен, оқулықты меңгеруде, қолдануда қиындық тудырмайды. Автор оқу мақсаттарын ескерген және көркемделуі әсем безендірілген. 
Alikhan
14 Ақпан 2024 14:22
Жалпы оқулықтардың бағыттары жаман емес, бірақ 4-нұсқа құрылымы мен мазмұны жағынан ғылыми теорияға негізделген, дидактикалық, логикалық талаптарға сай құрастырылған екен.  
Жанна
14 Ақпан 2024 16:03
Мен 4 нұсқаны оқыдым. 4-нұсқа көбірек үнады.  
Арука Арука
14 Ақпан 2024 22:01
Еңбекке баулу -3 оқулығы ең өрескел қателіктермен жазылған. Технологиялық процестерде, сондай-ақ ұсынылған схемаларда.

Оқу нұсқасында еңбекке баулу -3 Қазақстанның мәдени мұрасы туралы аз ақпарат бар.

Ал оқулықта нұсқасы бар еңбекке баулу-1 пәнінен көптеген ақпарат бейнелеу өнері.
Inga
14 Ақпан 2024 22:14
№ 1 оқулықта 1-сыныпқа арналған оқулықта көптеген тапсырмалар бар. Осы оқулықтағы көптеген тақырыптардың, ақпараттың және суреттердің 1-сыныбын қайталау және қайталау бар.
Aruzhan
19 Ақпан 2024 10:15
Еңбекке баулу-4 оқулығы баланың жас ерекшелігіне сай жазылған, қабылдауға жеңіл, тілі жатық. Барлық сабақтар көрнекіліктер арқылы түсіндірілген. Кюар код арқылы берілген тапсырмалар қызық әрі сабақты бекітуге жақсы ойластырылған екен. Берілген суреттер қанық, сабақтың мазмұнын ашып тұр. Маған осы оқулық ұнады.
Zere1986
21 Ақпан 2024 09:59
Берілген кітаптардың ішінде Еңбекке баулу-4 оқулығы мазмұны жағынан басымдау екеніне көзім жетті. Басты ерекшелігі балаларға қызықты екі персонаждың болуы. Алан мен Балапан әр сабақта балаларды жетелей отырып, оқулыққа қызықтыра түседі екен. Оқулық материалы қарапайым әрі түсінікті, тілі жатық. Оқулық тартымды, қол жұмыстарын жасаудың түрлі тәсілдері берілген. Осыған қарап отырып балалар өздері ақ заттарды жасай алады. 
baglan.kuanyshkyzy
21 Ақпан 2024 12:32
№2 нұсқадағы оқулық балалардың жас ерекшеліктеріне қарай құрастырылған, сонымен қатар әр бөлімге кіріспе қорытынды жасағандары ұнады. Әр сабақта QR код енгізілген, QR кодтағы видеосабақтар өте жеңіл, балалар оңай қабылдай алатындай екен. Тағы да айта кететіні барлық керек құрал-жабдықтар қолжетімді заттар.



mendikulova
21 Ақпан 2024 12:34
Толық оқулықтарды көріп, оқып шықтым. Барлық оқулықтар жақсы жазылған, алайда екінші нұсқадағы оқулықтың құрылымы және безендірі жағы өте жақсы десек болады басқа оқулықтарға қарағанда. Өйткені оқу мақсатттарына сай құрылған және оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалары да жүйелі құрылған. Оқулықтады кейіпкерлер балалардың естес сақтау қабілеттеріне жақсы әсер етеді, өйткені кейіпкерлер арқылы тапсырмаларды үнемі орындап отырада, ан ана кейіпкерді тапсырмасы, мына тапсырма мына кейіпкердің тапсырмасы деп есіне сақтап отырады. Және бөлімдерді қайталдауға арналған тапсырмаларда жас ернекшеліктеріне сай таңдалған, практикалық жұмыстары да қызықты, балалар жасай алатаын тапсырмалар. Рахмет осындай оқулықтар көп бола берсін. 
Baha Otarbai
21 Ақпан 2024 12:51
Оқулықтың барлығын қарап шықтым және түгел оқыдым. Төрт нұсқадағы оқулық жазғандарға рахмет. Алайда бірінші және үшінші нұсқадағы оқулықтар нақты жазылмағандығы байқалды, ескі нұсқада жазылған сияқты көрінді. Маған қаттты ұнағаны екінші нұсқадағы оқулық. Неге деген сұрақтар туындаса алғашқы берінен ақ көрініп тұр сауатты әрі нақты жазылдғаны. Шартты белгілерінен бастар оқу мақсаттары толық ашылған және балаларға берілген  практикалық жұмыстары да қызықты және қарапайым. Осы 2-нұсқадағы оқулықты ұсынар едім және қолдаймын.
akzharkyn
21 Ақпан 2024 12:59
Оқулықтарды толық оқып, көріп шықтым.  2- ші нұсқадағы оқулықта шартты белгілер  нақты көрсетілген.  Шартты белгіге қарап оқушы әр түрлі тапсырмаларды нақтылай алды.  Оқулықтағы шартты белгілері де жақсы ұсынылған. Оқулықтың құрылымы жас ерекшеліктеріне сай құрылған.  Оқулықтық құрылымы, оқу мақсаттарының ұтымды ашылуы, оқулықтың мазмұны түсінікті.Шарты белгілердің суреттері анық, оқушыға түсінікті. Екінші нұсқадағы оқулық өті жақсы жазылған.... рахмет алдын ала
Adilet Zhaksylyk
21 Ақпан 2024 13:05
Саламатсыздар ма? Оқулықтарды көрдік барлығын, оқыдық зерттедік, салыстырдық, барлығына жеке жеке уақыт бөліп. Көріп оқып зерттей келе екінші нұсқадағы оқулық бізге қатты ұнады. Ол оқулықта оқу мақсаты, шартты белгісі, оқу мақсатының анықтығын білдіреді екен. Оқушыларға қандай материалмен жұмыс жасау  болатынын   түсіндірілген. Баланы, әсіресе мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке  баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Сондықтан бұл оқулықтың біздің болашақ ұрпағымызға тәлім тәрбие береді деп ойлаймын берері мол оқулық екенін байқадық.
K.k.kamila78
21 Ақпан 2024 13:17
Оқулықтарды ашып көріп танысып шықтым. 4 нұсқадағы оқулықтар өз деңгейінде жазылған. Екінші және төртінші нұсқадағы оқулық өте жақсы жазылған. Екінші нұсқадағы оқулық анық нақты жазылған екендігін көрдім. Ол оқулықтың құрылымы өте жақсы, тиянақты жасалған. Тапсырмалар оқу мақсаттарына және баланың жас ерекшелігіне  сай құрылған. Мазмұны жағынан бағдарлама толықтай қамтылған.Оқулықта әр оқушының жеке шығармашылық қабілетінің дамуына көп көңіл бөлінген. Сондай -ақ оқушыларды ңикемділік қабілеттерін арттыруға, бұйымдарды құрастыруға, шеберлікке үйретуге, табиғи материалдарды пайдалана білуге септігін тигізер әдіс тәсілдер енгізілген. Қорыта келе екінші нұсқадағы оқулық жоғарғы деңгейде жазылғаны байқалды. 
estileuova79
21 Ақпан 2024 14:06
Оқулықтардың барлығын оқып шықтым, төрт нұсқаның да жобасы жаман емес жақсы . Алайда 2- ші нұсқадағы оқулық теориялық және тәжірбиелік білімдер қатар берілген. Мысалы Аланның түсіндірмесі мен Інжудің тапсырмасы айдарында теориялық білім берілсе, Әділеттің жобасы айдарында тәжірбиелік жұмыстарды анық көруге болады.Қауіпсіздік ережелеріне де мәнберген.Барлық бөлімдегі тапсырмалар өмірмен байланысты алынған. Тапсырмалардың күрделілігі, жасерешелігіне сай жасалған.Оқулықтың безендірілуіне келсек оқулықтағы берілген суреттер анық, оқушы қызыға қарайтындай.Тақырыпқа байланысты суреттер берілген.Соныменқатар оқулық ішіндегі Алан, Інжу, Әділет аттыкейіпкерлер балаларды қызықтырып, білімге жетелеп отыратындай. Оқулықпен таныса келе нағыз мұғалімге керек құрал деп ойлаймын. Түсіндірутілі де анық, баланың жасерекшелігіне сай. Балалардың сүйіп оқитын пәніне айналары сөзсіз.2-нұсқадағы оқулық өте жақсы оқулық болары анық.
Kazenova84
21 Ақпан 2024 14:14
Оқулықтfарды толық оқып, көріп шықтым. 2-ші нұсқадағы оқулық өте жақсы құрылған, оқу мақсаттары нақты алынғаны байқалды. Оқулықтық құрылымы безендіруі өте жақсы жасалған, суреттері де сапалы, оқу мақсаттарын ашу үшін берілген тапсырмаларды да ұтымды ұсынған. Оқу мақсатттарына сай құрылған және оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалары да жүйелі құрылған. Оқулықтағы кейіпкерлерде  балалардың  жас ерекшеліктеріне сай, сонымен қатар кейіпкерлер сабақ барысындағы тапсырмаларды   балалардың есте сақтау қабілеттеріне жақсы әсер етеді. Оқулықтағы шартты белгілері де жақсы ұсынылған, келесі сабаққа әкел деген шартты белгіні ұтымды тапқан, оқулықта сол шартты белгіде бала келесі сабаққа қандай заттар әкелу керек екендігін біліп отыратындығы қатты ұнады. 2-ші нұсқадағы оқулық безендіру жағынанда өте сапалы 
sauleabdullaeba
21 Ақпан 2024 14:20
Төрт нұсқадағы оқулықтарды толық қарап шықтым, оқыдым таныстым. 2-ші нұсқадағы оқулықтағы кейіпкерлерге тоқталғым келіп тұр. Аланның түсіндірмесі, Інжудің тапсырмасы, Әділеттің жобасы деп аталған кейіпкердерге балаларды қызықтыру үшін, тақырыппен тапсырмаларды орындауға жетелеп отыратындығы байқалды. Әр бөлім басталғанда қандай тақырыптармен таныс болатыны және қандай бұйымдар жасайтындығын алдын ала біліп отыруына мүмкіндік жасағаны ұтымды шыққан. Әр бөлімге берілген тақырыптар мен тапсырмаларға, оқу мақсаттарын ашқандығы көрінді.   Оқулықтың құрылымы жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Сонымен қатар әр бөлімге кіріспе қорытынды жасағандары ұнады. 2-нұсқадағы оқулық ортақ тақырып жақсы ашылған.
altynajospanbaeva
21 Ақпан 2024 14:41
Екінші нұсқадағы оқулық әр сабақта QR код енгізілген, QR кодтағы видеосабақтар өте жеңіл, балалар оңай қабылдай алатындай екен. Тағы да айта кететіні барлық керек құрал-жабдықтар қолжетімді және дәстүрлі және дәстүрлі емес қарапайым материалдарды пайдаланатын заттар екені көрінді. Оқулықтағы кейіпкерлер басқа оқулықтағыдай қайталанған кейіпкерлер емес, сыртқы келбеттері жаңа ерекше кейіпкерлер. Практикалық жұмыс QR код арқылы берілген сонымен қатар оқулықта орындалу ретімен көрсетілген, балалар сол ретпен практикалық жұмысты өз бетінше орындауға мүмкіндік берген. Әр практикалық жұмыс жасамас алдын қауіпсіздік ережесі ұсынылған. өте жақсы құрастырылған, құрылымы өте жақсы.
zhakypbekova_nurgul
21 Ақпан 2024 14:46
Сәлеметсіздер ме? Екінші нұсқадағы оқулық тақырыптар еңбекке баулу мен қатар отбасылық құндылықтар, ұлттық, мәдени құндылықтарға және табиғат, өнер әлемдерін тануға баулығандығы байқалды. Оқулықтық құрылымы, оқу мақсаттарының ұтымды ашылуы, оқулықтың мазмұны түсінікті болуы, берілген практикалық тапсырмалары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай алынған және құрастырылғаны қатты ұнады. Бөлімді қорытындылауға сөзжұмбақ, сөзтізбек құрастыр, бөлім бойынша өткен сөздерден сөзтізбек құрайық, адасқан әріптерден тақырыпқа байланысты сөз құра деген әр түрлі тапсырмалар мен сқрақтар берілген, яғни балалар әр бөлімде нені үйренді, қандай оқу мақсатына қол жеткізді, әр бөлімде алған білімдерін қорытынлылауға арналған тапсырмаларды жақсы және дұрыс құрастырған. Осы екінші нұсқадағы оқулық ұнады. 
aisha1995
21 Ақпан 2024 14:54
Екінші нұсқадағы оқулық оқу бағдарламасы бойынша көркемдік технологиялық білімнің кеңістік, шығармашылық ойлаудың негізін қалыптастыруда  жеке тұлғалардың адамгершілік рухани мәдениеті ескерілген. Оқу пәнінің міндеттері мен оқу үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерін қарастырылған. Іс- әрекеттік, жеке тұлғаға бағытталған,сараланған тәсіл ,коммуникативтік тәсіл , көркемдік технологиялық тәсілдерге негізделіп жасалған. Ортақ тақырыптар бойынша танымдық, тәрбиелік мәтіндер берілген. Пәнаралық байланыс жақсы көрсетілген бұл дегеніміз көркем қолөнерді меңгеріп қана қоймай пәндер арасындағы құндылықты білуге байланыстыруға жол ашатын оқулық. Осы екінші нұсқадағы оқулық өте сапалы құрылған.                                                                 
aishasarsenbaeva
21 Ақпан 2024 14:57
      Ұсынылған екінші нұсқадағы оқулықтағы  жоба  балалардың жас ерекшелігіне сай, қол жетімді материалдардан орындауға болатын жұмыстар берілген.Оқулықтағы кейіпкерлердің оқу материалына түсініктеме беруі,тапсырма ұйымдастыруы, жоба ұсынуының өзі оқушыныоқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған.Оқулықтың құрылымында әрекет технологиясына ерекше мән берілген. Ондағы еңбекке баулу материалдары мен берілген жеке немесе топтық тапсырмалары оқушының өз бетінше зерттеу, іздену, байқау және бақылау жұмыстарын, шығармашылық бағытта дамуына мүмкіндік береді. Екінші нұсқадағы оқулық көркемдік жағынан керемет.
madiyarmubarak
21 Ақпан 2024 15:01
2-ші нұсқадағы оқулық оқу тақырыптарына байланысты шығармашылық жұмысты дайындау және құру кезеңінде түсіндірме жұмысы екі бағытта берілген . Біріншісі қысқаша видео нұсқасы арқылы екіншісі әр мұғалімнің тақырыпқа сай өзіндік шығармашылығымен орындайды. Еңбекке баулу сабағы меңгерудің нәтижелері еңбектің адам өміріндегі шығармашылық және адамгершілік мәні туралы алғашқы түсініктерді, материалдар мен олардың қасиеттері, жобалау, модельдеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.«Еңбекке баулу» жобасы бойынша  оқулығы ұнады. Әр сабағында әр түрлі қызықты материалдармен түрлі заттар жасалады екен ,бұл балалардың шығармашылығын дамытады. Кез- келген қолданыстан шыққан заттарды  жарамды етіп қайта өңдеп,жаңа өмір беруге болатындығы көрініп тұр. Балаларға қызықты әрі қол жетімді. Оқу пәні ретінде жобаны қарастыруға болады.Екінші нұсқаны ұсынар едім. Өте жақсы жазылған
Asem
26 Ақпан 2024 11:10
Еңбекке баулу-3. Оқулықтың 0102 нұсқасымен таныстым.Мәтін мазмұндары өте жақсы. Тапсырмалары да  ұнады. Жоспар жазғанда басқа әдістемелік нұсқаулықтарға жалтақтамай-ақ, оқулық ішінен тақырыпқа сай  тапсырмаларды алуға болатынына көзім жетті. Оқу бағдарламасының мақсатына сай құндылықтар қарастырылып, енгізілген. Әсіресе, ұлттық құндылықты білім алушының бойына сіңіріп, оқытып, үйрету жолдарына көп көңіл бөлінгені көрініп тұр.
Муратбаев Алишер Арманович
Еңбекке баулу оқулығы өте тиянақты, сапалы жазылған. Оқу үшін тілі жеңіл, түсінікті. Материалдар оқушыларды қызықтырып, танымдық ақпаратты байыта түседі
Tolganai
26 Ақпан 2024 15:30
raisa.bisemabeva,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

Қайырлы күн! 1, 2-ші нұсқадағы оқулықтар көркемделуі мен мазмұны жағынан қанағаттанарлық деп пікір қалдырған екенсіз.  Сіздің ойыңызша, қандай толықтырулар еңгізу қажет? 
Пікіріңізбен бөліскеніңіз үшін көп рахмет!

Жанна,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 


Қайырлы күн! 4-ші нұсқадағы оқулық көңіліңізден шыққан екен, ол оқулық сізге несімен ұнады? Және де,  сіздің ойыңызша, 1,2 және 3-ші нұсқадағы оқулықтарға қандай толықтырулар еңгізу қажет? 
Пікіріңізбен толықтай бөлісе кетсеңіз, рахмет!


Муратбаев Алишер Арманович,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

Қайырлы күн! Нақты қай нұсқадағы оқулық көңіліңізден шықты? Пікіріңізді толықтырып жазып жіберсеңіз, рахмет! 

Арука Арука,
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы. 

Қайырлы күн, пікіріңізге рахмет! Сіз жазған өрескел қателіктер 3-ші нұсқадағы оқулықтың қай сабағы болмаса қай бетінде екенін толықтай жазып жіберсеңіз. Рахмет!
Ләйлі Құндақбаева
27 Ақпан 2024 10:00
Ұсынылған оқулықтардың барлығы оқу бағдарламасына сай әзірленген және барлық оқу мақсаттары қамтылған, барлығы да көңілден шығарлықтай. Дегенмен, маған айрықша ұнағаны 3-оқулық. Бұл оқулықта QR-код арқылы әр сабаққа бейнематериалдар берілген екен. Бұл балалардың қызығушылығын арттырады, тақырыпқа қатысты қосымша ақпараттар арқылы білімін толықтыруға, кеңейтуге көмектеседі. Оқулықтың суреттері сапалы, шынайы әрекеттерді бейнелейді. Жалпы оқулықтың көркем безендірілуі балалардың эстетикалық талғамын арттырады. Мәтіндері, тапсырмалары түсінікті, балалардың қабылдауына сай, жеңіл тілмен жазылған. Оқушылардың бұйым жасау реттілігін сақтауға, практикалық жұмысты өздігінен орындауына ықпал етеді. Оқулықтың әдістемелік жағынан  тағы бір ұтымды жері – әр сабақтың соңында оқушының өз еңбегінің нәтижесін өзі бағалауы. Бұл оқушының өзін-өзі сыни бағалай білуіне көмектеседі. 

Айбол
27 Ақпан 2024 10:04
Оқулықтардың барлығы оқу бағдарламасына сай әзірленген екен.
Маған "ЕҢБЕККЕ БАУЛУ-3" оқулығы ұнады.
Біріншіден, бұл оқулықта QR-код арқылы әр сабаққа бейнематериалдар берілген. Бұл балалардың қызығушылығын арттырады әрі тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат алып, білімін толықтыруға, кеңейтуге көмектеседі.  
Екіншіден, оқулықтың суреттері сапалы әрі шынайы әрекеттерді бейнелейді. Жалпы оқулық көркем безендірілген, бұл балалардың эстетикалық  талғамын арттырады.
Мәтіндері, тапсырмалары түсінікті, балалардың қабылдауына сай, жеңіл тілмен жазылған. Ол оқушылардың бұйым жасау реттілігін сақтауға, практикалық жұмысты өздігінен орындауына ықпал етеді. 
Үшіншіден, оқулықтың әдістемелік жағынан  тағы бір ұтымды жері – әр сабақтың соңында оқушының өз еңбегінің нәтижесін өзі бағалауы.
Бұл оқушыны одан сайын ынталандыра түседі, өзін-өзі талдай және өзін-өзі сыни бағалай білуіне көмектеседі. 
Сондықтан ата-ана ретінде "ЕҢБЕККЕ БАУЛУ-3" оқулығын ұсынамын.
 
ernar.ustagaliev
28 Ақпан 2024 10:06
Қайырлы күн! Мен "Еңбекке баулу-3" оқулығы жөнінде ой бөліскім келеді. Керемет оқулық, түрлі-түсті, мазмұнды, сапалы әрі әдемі. Мазмұны қызықты, баяндау стилі түсінікті. Тіпті QR кодтары бар және ең қызығы, олар ашылады. Бейнелер сапалы салынған.

Nazken
28 Ақпан 2024 10:57
Жалпы, оқулықтар сапалы әзірленген. Мен ата-ана, әже ретінде немерем үшін №3 оқулықты таңдар едім. Себебі мәтіндері түсінікті, жеңіл тілмен жазылыпты. Немерем өзі оқып, бірден түсініп, бұйымды қолма-қол жасап көрді. Осы маған ұнады, шынын айтқанда, кейбір оқулықтармен қиналатын едік, өзім оқып, өз сөзіммен түсіндіріп беремін ылғи.
Содан кейін бұйым жасауға қажет заттардың бәрі үйімізде бар, оларды ақша жұмсап, сатып алудың қажеті жоқ. Бейнероликтер де берілген екен. Балалар соған қызығады және жай видео емес, мән-мағынасы бар, пайдалы нәрсе. Жалпы, суреттері де сапалы, анық, бояулары қанық. Қазақтың оюлары, басқұрлары, киіз үйлері туралы мағлұмат өте көп екен. Соның бәрін балалар білгені дұрыс. Балаларды ойландыратын сұрақтары да жақсы ойластырылған. Сонымен, мен №3 оқулықты қолдаймын, балалар осы кітаппен оқыса екен деймін.